images

Гемофилиямен күрес күні

17 сәуірде әлемнің көптеген елдері Дүниежүзілік гемофилия федерациясының акциясына қатысып, Бүкіл-әлемдік гемофилия күнін атап өтеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше,  аталған іс-шара мақсаты — осы ауыр дерт проблемаларына қоғам назарын аудару.  Қазақстанда 1930 адам ауырады екен. Оның 800-і балалар болса, соның 176-сы Алматыда тіркеліпті. Гемофилия тұқым қуалайтын ауру. Сирек кездескенімен, өте қауіпті. Мамандардың айтуынша, қанның ұйымай қалуы, яғни 8-ші фактордың жетіспеушілігінен ер балалар мүгедек болып қалатын кездері жиі кездеседі. 

gemofiliya
Суретте гемофилия ауруына ұшыраған баланың алғашқы белгілері

 

Бүкіләлемдік гемофилия күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен науқастар үшін «Ашық есік» күндері жарияланды. Гематолог дәрігерлердің кеңес беру кабинеттері орналас-қан облыс орталықтарының барлығында тегін кеңестер беріледі. Республикалық деңгейде Астанада орналасқан Жедел медициналық көмек республикалық орталығында барлық келушілерге бірқатар медициналық қызметтер: гематологтар мен ортопедтердің кеңестері, қан ұйысу факторлары деңгейі мен ингибиторды анықтау, дәрілік препараттарды өзінше енгізуге оқыту, буындарға магнитті резонансты томография жасау және тағы басқа қызметтер көрсетілді.

  ОҚЫҢЫЗ! Жақынынан қыз алып, қыз бергеннің кесірі!

  «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аяында науқастардың барлығы қанның ұю факторларымен қамтамасыз етілген.

  Қазақстан — науқастардың қанның ұю факторларына, қан ағымына профилактика жасау және емдеуге кететін шығындарды мемлекет көтеретін әлемдегі жалғыз ел. Тіпті, гемофилияның ең қатерлі — ингибиторлық түріне шалдыққан науқастар да тиісті факторлармен қамтамасыз етіледі. Дегенмен, алда әлі көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс. Олар: ауру түрі және терапия ережелері туралы науқастарды ақпараттандыру деңгейін арттыру, науқас балаларды үйде дұрыс қарауға үйрету, қанның ұю факторларына жалпылама скрининг, гемофилия гені барларға генетикалық сараптама жүргізу және т.б. шаралар.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мен Дүниежүзілік Гемофилия Федерациясы бастамасымен 1989 жылдан бастап Дүниежүзілік гемофилия күні жыл сайын аталып өтеді.

Қадірәлі САРЫПБЕК

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>