“Moral gecesi” СДУ-да

ҚТЛ түлектері ғана түсінетін «moral gecesi (мораль геджеси)» енді СДУ студенттеріне де таңсық емес. Нақтырақ айтсақ,8 – қазан күні университетімізде алғаш рет «moral gecesi» болып өтті. Бірінші рет атқарылғандықтан, деңгейі орташадан аса алмаған іс-шараны ерлер жатақханасының студенттері ұйымдастырды.

«Moral gecesi» – түрік тілінде «көңіл көтеру кеші» деген мағынаны білдіреді. Мұны ҚТЛ-дағы әр сынып жылына бір рет өткізіп, бар өнерін ортаға салады. Дәл осы үрдіс СДУ-дың ерлер жатақханасына да еніпті. Бір ерекшелігі – бұл іс-шараны лицейде сынып болып атқарса, университетте жатақхананың қабатына бөлініп ұйымдастырады.
Red Hall-да өткен кеште «С» блоктың төртінші қабаттағы студенттері бар өнерін ортаға салды. Әуелеген ән мен би, әдемі әзілдер мен қызықты ойындар көрерменді бір серпілтіп тастады.

3 курс студенті, жатақхана тәрбиешісі Бердімұрат Хасенов:
– Мұндай көңіл көтеру кеші университетте тұңғыш рет аталып өтті. Сондықтан болар, шара барысында біраз қателіктер орын алды. Соған қарамастан студенттер «мидтөрмдер» қарсаңында ми тынықтырып, сергіп алды,- дейді.

Кеш барысында көптеген техникалық ақауларға жол берілді. Атап айтар болсам, проектор дұрыс жұмыс істемеді. Микрофоннан шыққан дыбыс анық естілмеді. Концерт кезінде электр қуаты сөніп барып, қайта қосылды. Бірақ бұл келеңсіз нәрселер кештің әсерлі өтуіне кедергі келтірмеді.

Болат Аралов, инжинер, 4-курс студенті:
– Өзім инжинер болғандықтан, уақытымның көп бөлігі компьютер алдында өтеді. Осындай кеемет кештің арқасында бой жазып, демалып қалдым. Бағдарламаны ұйымдастырға студенттерге алғысым шексіз. Алдағы уақытта бүгінгіден де қызықты кештер болады деп ойлаймын,-деп өз ойын білдірді.

Оразай ҚЫДЫРБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *