Қозы көрпеш -Баян сұлу күні

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күні

Әлем бойынша махаббат символы ретінде  әйгілі  «Валентин  күнін » тойласа ,бұл мереке бізде 15 сәуір күні «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» немесе  » Ғашықтар күні » ретінде бекітілген.

Еліміздің бірқатар өңірлерінде жастар арасында «Ғашықтар күні» аталып өтті.  Соның бірі , «Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Асыл Арман» ықшамында «Қозы Көрпеш және Баян сұлу» ғашықтар күні мерекесі аталды. Мерекені өткізудің басты мақсаты жастар арасында ұлттық мерекелер мен дәстүрлерге деген көтеріліп келе жатқан рухтарына демеу болмақ. Мереке аясында жастарды отбасылық өмірге аяқ басу мақсатында серпіліс беру, жігіттердің көкірегіндегі сезімін дәл осы күні ғашығына сырын айтып, білдіру. Осы күні отбасын құруға ұсыныстар тастауға итермелеу.

Жастар саясаты бөлімінің жетекшісі , Елеусизова Асель :

 Жастардың әзірлеуімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аталмыш концертті  ұйымдастыруға » Жас Отан «мен» Жар-Жар» агенттігі  қолдуа көрсетті. Биыл бірінші рет ұйымдастырған іс-шара. Көрермендер ерекше ықылыспен қабыл алды. Арнайы дайындаған мерекелік бағдарламаны дайындап , халықтың мерекелік көңіл-күйін көтеруге тырыстық . Сол мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.

 

Асыл Арман ықшамындағы мереке

Асыл Арман ықшамындағы мереке

 

Асыл Армандағы мерекелік шара

Асыл Армандағы мерекелік шара

 


 

Көрермендер назарына әлемді билеген махаббат тақырыбына арналған өлеңдер мен әндер ұсынылды. Қаланың жас әрі дарынды әртістері барша тыңдармандарды махаббат күнімен шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Жүргізуші   әнсүйер қауымды осы мерекенің тарихымен таныстырып өтті. Тыңдаушы жастардың ықыласпен соғылған шапалақ үні толастаған жоқ.

Мереке соңында жұптың некесін концерттік шараның қорытындылау мақсатында ел алдында қиды. Концерттік іс-шара соңы некелескен жұптың қуанышты сәтімен аяқталды.

Ұйым жетекшілері алдағы уақытта ,  мұндай шаралар жалғасын тапатынын жеткізді.

ҚОСЫМША ОҚИ ЖҮРІҢІЗ: Қозы Көрпеш — Баян Сұлу күнінің шығу тарихы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>