img_8319

Жас кәсіпкер — Айбек Альмухамет

Ол болашағынан үлкен үміт күттіретін жастардың бірі. Айбек Альмухамет – Сулейман Демирель Университетінің түлегі. 2012 – 2016 жылдары университет қабырғасында, инженер мамандығы бойынша білім алған. Өзінің белсенділігімен көзге түскен Айбек, 2014-2015 СДУ-да студенттер президенті болды. Онымен ғана шектеліп қалмай, 2-курста оқып жүргенде мамандығы бойынша жұмыс істей бастады.

Айбек — Семей қаласының тумасы. Алматыға көшіп келгендеріне 20 жылдан астам уақыт өткен. Үйінің кенжесі Айбек, ерке болып өскендіктен, мектеп кезінде оқу үлгерімі 7- сыныпқа дейін нашар болды. Баласының болашағына алаңдаған ата –анасы оған арнайы репетитор жалдап, оқытқан. Уақыт өте сабақ оқуға ынтасы артып, физика пәніне қызығушылығы оянған. Физика пәнінен белсенділік танытып, мектеп аралық олимпиадаларға қатыса бастаған.

Ол аудандық жарыстарға бақ сынап жүргенде, қалалық олимпиадаға өтпей қалады. Кейіпкеріміз сол кезде, өзін одан әрі жетілдіру үшін, мектебін ауыстырып, Физматқа оқуға түсуге шешім қабылдайды. Оның мақсаты орындалып, ФИЗМАТ-қа қабылданады. ФИЗМАТ мектебіндегі оқушылардың арасындағы бәсекелестік, Айбекке серпін беріп, оның комфорт зонадан шығуына әсер етеді.

Кейіпкеріміздің айтуынша «Адам комфорт зонадан шыққан кезде онда алға ілгерлеушілік, даму болады».

dofq1mxn9k0

Суретті түсірген Асия Смаилова

Айбек мектеп бітіріп, тесттен өте жақсы ұпай жинап шығады. Ол сол кездегі Қазақ-Британ Университетіне барып керекті құжаттарын өткізіп, Қазақ-Британ Университетін үш қатарға да жазып қояды.

Университетке түсуі

«Негізі университетке түскен оқиғам өте қызық болды. Мен негізі СДУ- ды білмегем. Қазақ — түрік лицейіне де түскім келмей, әдейі ұйықтап қалғам. Өйткені сол жақта қалып қалу маған өзінше бір проблема болды. Сол себепті ҰБТ — дан соң, Қазақ Британ Университетіне құжаттар тапсырдым. Сол университеттің «ақпараттық технологиялар», «есептеуіш техника мен ақпараттық құрылғылар», сосын тағы да бір рет «ақпараттық жүйелерді» таңдадым. Сосын енді парақты бергенде, құжаттарымды алған кісі маған төрт университет болуы тиіс» деді. Мен оған маған үшеуі жетеді. Төртіншісін, өзіңіздің қалауыңызша белгілеңіз дедім. Ол маған осындай — осындай СДУ-ды белгілеп жатырмын деп айтты. Мен «ол университеттің қайда екенін де білмеймін. Жарайды белгілей салыңыз дедім де, кетіп қалдым.

Сүлеймен Демирел

Сулейман Демирель  Университеті

Содан соң нәтижелер шықты. Мен СДУ -ға түсіппін. Интернеттен қандай университет, қайда орналасқанын іздедім. Бірінші көргенде өте ұнады»

«Nazarbayev university — ге»   түскім келді…

«Бір жыл бұрын 10- сыныпта Назарбаев университетіне түскім келді. Бірақ, бір пәннен бір балл жетпей қалды.  Содан соң, бір жыл жүре тұрайын. Келесі жылы бәрібір АҚШ -қа кетемін деп ойладым.

Назарбаев Университеті  Сурет vlast.kz  сайтынан алынды

Назарбаев Университеті
Сурет vlast.kz сайтынан алынды

«Бір жылда менің ойымда көп нәрселер өзгерді. Көбінесе адамгершілік, қарапайымдылық, достар деген мәселелер болды. Оқудың да әсері бар»

California Institute of Technology

Біздің кейіпкеріміз АҚШ-қа да оқуға тапсырған. Оның өтініші қабылданып, Калифорния Технологиялық Университетіне оқуға түскен. Алайда ол бармаған.

Калифорния Технологиялық Университеті  Bridbridge.ru  сайтынан алынды

Калифорния Технологиялық Университеті
Bridbridge.ru сайтынан алынды

«Неге десеңіз, бірінші себеп ол , менің университетті ауыстырғым келмеді. Қимадым. Екіншіден, мен ақылы оқуға түскендіктен өте қымбат болды. Өзімнің қаражатым болған жоқ. Әке-шешеме салмақ салғым келмеді. Сондықтан «Осында оқи берейін. Болғаны болар деп шештім. 1-курста 4-5 деген бағаларға оқыдым. Сосын, егер мен осында қалсам, 100%-ға оқиын деп бел байладым. Шетелде оқимын деген идеяны тастап, СДУ -ға көштім. Өз -өзімді қолға алдым. Сол жылы көптеген өзгерістер болды. Біріншіден мен өте қатты аздым. Екіншіден өзіме тайм-менеджмент әдістерін қолдандым. Нақты мақсаттар қойып, соған жетттім. Сабағым да жақсарды. СДУ-да оқу оңай болған жоқ. Мені ары қарай жалғастыруға бел байладым. Сондай–ақ өзімнің әлеуметтік өмірімді де алға жылжыттым»

Президент болуы…

«Бірінші курста оқып жүргенде досыммен бірге келе жатқанда Лейланың кабинетін көріп қалдым. Маған сол кабинет қатты ұнады. Жанымдағы досымнан «мынау кімнің кабинеті?» деп сұрадым. Жанымдағы досым, Лейланікі екенін айтты. Лейла сол кезде СДУ-да студенттер президенті еді. «Мен сол жерде отырамын. Көресің» деп айтқан едім. Бірақ ол кезде бұл жай ғана қалжың ретінде айтылған болатын.

Айбек Альмухаммед студенттер алдында сөз сөйлеуде.  Сурет vk.com алынды.

Айбек Альмухаммед студенттер алдында сөз сөйлеуде.
Сурет vk.com алынды.

Достарыма өте қатты ризамын. Себебі солардың арқасында көптеген тәжірибе жинақтадым. Достарым дауыс беріп, қолдады. «Сен бола аласың!»деп сенімділік ұялатты. Негізі оларда өте қатты сенім болды. Тіпті менде дәл солар сенгендей мықты сенім болмады. Менде тек қана «жарайды, көрейін» деп ойладым. Әрқашан мені қолдайтын достарым деп нақты айта аламын. Мен оларды достарым емес, бауырларым деп есептеймін. Әлі де қолдап, идеялар ұсынып көмектеседі»

Айбек достарымен бірге

Айбек достарымен бірге

Компания ашуы 

СДУ түлегі 2- курста тағылымдама бойынша Астанаға барады. Тағылымдама уақытында елімізде IT саласы нашар екенін түсініп, «Неге IT саласын өзіміз көтермеске?» деген мақсат қойған. Сол мақсатын жүзеге асыру барысында ол Бегзат, Мәдениат деген достарымен бірігіп, «AV» компаниясын ашты.

«2014 жылы мен құжат бойынша ресми түрде аштым. Сондай-ақ сол кезде мен, тендер дегеннің не екенін зерттей бастадым. Тендер талаптарының бірі бойынша компания үш жыл жұмыс істеген болуы керек. Біз «давай ашып қоямыз, біз бітіргенше 3 жыл толады. Бітіре сала іске кірісеміз» деп ойладық. Сосын арада 2-3 ай өткен соң, біз үлкен жоба тауып алдық. Бұл жоба — Әділет министрлігінің мобилді қосымшасын жасау еді. Сол жобаны алып, жасадық. Негізі ол жобаны өте көп уақыт жұмыс істедік. Ол кезде 2-курста оқып жүрген кездерім. Одан кейін әлеуметтік өмірімде өзгерістер болып, кішкентай жобалар алуға көштік.»

Жұмысты бастауы

«Біз жұмысты СДУ-да бастадық. Ол кезде жанымызда 5-6 адам ғана болған. Алайда СДУ-да жұмыс істеу бізге қиындық туғызды. Содан соң қаладан бір офис тауып, сонда көштік. Сол офиске барғанымызда, құрылысы енді ғана аяқталғандықтан, іші шаң-шаң, быт –шыт болды. Сол уақытты есімізге алсақ, уақыт тез өтіп кеткен сияқты болады. Бұл 2016 жылдың шілде-тамыз аралығы еді. «Давай істейік» деп іске кірістік. Ана жақтан үстел тауып, мына жақтан орындық тауып, солардың бәрін орналастырып қойып, әйтеуір бірдеңесін істедік. 2-3 үлкен жобалар алып, жасадық. Қазіргі таңда 3 адам бастаған компаниямызда 28 адам жұмыс істейді»

Айбек достарымен бірге

Айбек достарымен бірге

Компанияның қазіргі жағдайы

«Менің қасымда қазір шыныменде кәсіби мамандар жұмыс істейді. Әрқашан материалдық та, моралдық тұрғыдан да көмектесуге дайын тұратын жандар бар. Түнге дейін жұмыс істеу керек болса, түнде де жұмыс істеуге дайын тұрады. Бұл адамға жігер береді. Сен олардың басшысы ретінде одан да жақсы болуға тырысасың. Бізде жұмыстағы қаталдықтан гөрі отбасылық атмосфера басым. Бір-бірімізді қолдаймыз. Қиындық туған уақыттарда көмектесеміз»

Шетелге шығу

«Компаниямыздың стратегиялық картасы бар. 2017-2018 жылдары ТМД елдеріне шығу жоспарымызда бар. Қазіргі таңда біздің үш офисіміз бар: Алматы,Астана,Шымкент қалаларында, яғни халық саны көп қалаларда. Варшавада офисіміз болған, бірақ қазір жұмысын тоқтатып қойдық. Неге десеңіз, бізге Еуропадан келетін компаниялар көп. Қазақстаннан шығып ТМД–ға таралған компаниялар қатарына қосылғымыз келеді»

Айбек Альмухамет

Айбек Альмухамет

«Сен сол іске өзіңді бермесең, ол да саған ештеңе бермейді»  дейді ғой. Мұны әрқашан түсіну керек.

Әр нәрсенің өзінің уақыты бар. Мен «жетістік» деген сөзді онша ұната бермеймін. Мүмкін жетістікке жеткен адамдар бар шығар. Бірақ былай қарасаңыз, әрбір адамның өзінің уақыты болады. Егер сіз артта қалып бара жатқан сияқты өзіңізді көрсеңіз бұл дұрыс емес. Неге? Себебі, әрбір адамның өзінің жолы, өзінің уақыты бар. Мен сабыр сақтап,соңына дейін бару керек деп санаймын. Сен не болса да, соңына дейін жеткізуге тырысып,жұмыс істей берсең, соның нәтижесі болады.

Асия Смаилова, Қания Табыс

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>