СДУ-дың мықты түлектері

Мүслім Жолдасбаев — Hipo.kz компаниясын құрушысы. High Potential – ол нағыз кәсіби, яғни компаниядағы ең жоғарғы орынды иеленуге лайықты барлық қажетті ішкі ресурстарға ие адам. Ал HiPO.kz –  бұл осындай мамандарға ТМД мен Қазақстандағы жетекші компаниялардағы мәнсаптық мүмкіндіктерді қадағалауға мүмкіндік беретін онлайн-ресурс.

aaeaaqaaaaaaaakeaaaajdqzngu1n2y2ltiyogitnduxnc04ztiwlwiymzk0n2zintqzyg

Жанат Рахмани — СДУ-дың 2000 жылғы түлегі. UStudy оқу орталығының негізін салушы. Оған аталмыш орталықты ашуына себепші болған інісінің ҰБТ тапсыра алмауы. Осыдан кейін ол білім жүйесін қалай реформалауға, дамытуға болатыны туралы ойланады. Нәтижесінде ол бұған дейінгі бизнесін тастап, 2009 жылы UStudy жобасын іске қосты. Біріңғай ұлттық тестке дайындау, тестілеуден өткізу, оқу курстары мен видеосабақтар дайындаумен айналысатын орталық болашақта барлық Қазақстанда орталық ашып, білім саласына айтарлықтай өзгеріс жасау мақсаттары. Сондай- ақ ол 2005-2006 жылдары Сингапурде MacCoffee компаниясында жұмыс істеген.

30-01_jpg_445x265_crop-true_q75

Бағдат Мусин — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық акционерлік қоғамын басқарып келген еді. Бағдат Батырбекұлы — Павлодар облысының тумасы. Сүлеймен Демирел атындағы университет пен Алматыдағы Құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Еңбек өтілін 2004 жылы Ұлттық ақпараттар технологиясы АҚ-нан бастаған.

591dc267a10ab6d461f9d90b98c77ce2-og

Асхат Мырзабаев – 25 жасында қатерлі ісікпен күресуге 2 млн $ қаражат беріп, қайырымдылық жасау ісімен халыққа танылды. 21 жасында Сан-Франциско қаласының (АҚШ) «Силиконды алқап» деп аталатын аумағындағы «Твиттер» компаниясына жұмысқа орналасқан алғашқы қазақстандық.  Асхаттың дипломдық жұмысын « Microsoft» компаниясы сатып алған. Ол бүгінде «Hipo» деп аталатын жүйенің құрылтайшысы. Оның қатерлі ісікпен күресуге ақша аударуына бірден бір түрткі болған себеп – денсаулығына байланысты қиындықтары. Бұл туралы ол өзінің берген сұхбаттарының бірінде былай дейді : «Барклайс» банктер тобында жарты жыл жұмыс істеп тапқан екі миллион долларымды халықаралық қорға аударамын деп шештім. Бұл шешіміме мүлдем өкінбеймін. Себебі миллионды бір рет тапқан адам екінші рет те таба алады. Ақша, дүние деген – қолдың кірі. Адам одан да үлкен мақсаттарды алдына қоя білуі керек -дейді ол.

f5a58a5350523588d323731f1ee98820

 

Данияр Асанов — «Bee Software» компониясының директоры. «Bee Software»  компониясы IT технологиямен айналысады. Астанада орналасқан. Бұл компония ішкі істер министрлігі мен сыртқы істер министрлігі, жалпы үкіметтік органдардың сайт неше түрлі IT программаларын жасайды. Қоластында 21 СДУ түлегі жұмыс жасайды. Өткен 2,5 млн теңгеге инженер факультетінің 3D лабороториясын ашқан.

img_01493

Амирхан Омаров – СДУ 2007 жылғы түлегі. Бір өзі төрт компонияның директоры. «Magnym» ға бәсекелес, бағасы 2-3 есе арзан «Осында Маркет» дүкендер желісін ашқан. Ол қазақ – түрік лицейінде білім алып, кейіннен СДУ-ды «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай –ақ «Mercury properties” – жылжымайтын мүлік саласы бойынша алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. 2014 жылы құрылған. Оның қол астында 16 бизнес-центр, 8 сауда орталығы, мейрамханалар және т.б. бар. «Керуен» сауда орталығы, «Emerald Towers” бизнес орталығы, «Globus» бизнес орталығы, «Globus» сауда орталығы, «Almaty Towers» бизнес орталығы (шамамен 30%) , «Променад» сауда орталығы, «Байконур» сауда орталығы, «Аэровокзал» және т.б. көптеген компанияларды басқарады.

amirkhan-omarov

Сәкен Жолдас — режиссер. «Он и Она» фильмінің режиссері. Аталмыш туындысы халықтың көңілінен шығып, елге кеңінен танылды. Сулейман Демирель Университетінде оқып жүргенде, «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға түскен. University of Texas at Austin оқу орнын бағдарламашы мамандығы бойынша бітірген. Intech 2005 халықаралық бағдарламалаушылар байқауының жеңімпазы. 2009-2010 жылдары “Microsoft” компаниясында жұмыс істеген.

nsqlf441zlinxb1xyx0sji3fusebkb

Рауан Маеміров — Сулейман Демирель Университетінде және ҚБТУ –дің түлегі. Қазақстанда алғаш болып Yvision.kz блог – тұғырнамасының негізін қалағандардың бірі. Сонымен қатар kiwi.kz видео – қызметінің іргетасын қалаушылардың бірі.

edmc60wve1hwqjj3yn7bw7mbx68f7tАвторы: Асия Смаилова, Қания Табыс

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>