Климат адамның ақыл-ойының дамуына әсер көрсетеме?

Мысалы ыстық және суық мемлекет тұрғындарының ой-өрісі дәрежесінде айырмашылық бар ма?

Меніңше климат адамның ақыл-ойының дамуына айтарлықтай әсер етпейді, дегенмен айырмашылықтар бар.  Мысалға климатқа байланысты тамақтану. Ыстық өңірде қысы  болмағандықтан ет жеуді ағза онша қажетсінбейді. Сондықтан экватор белдеуіне жақын жердегі өмір сүрген адамдардың ішінде ет жемеуді қолға алған вигитарианттарды көп кездестіруге болады. Өзім жақында ғана Үндістанның оңтүстігіне сапар шегіп қайттым. Ол жерде жылдың төрт  мезгілі жаз болады. Олардың оңтүстікте ұлттық тағамының аты «Thali»(оңтүстік Chennai қаласының дәстүрлі тағамы).17424999_1875406082739905_1092422520716497731_n Ішінде ет жоқ, бәрі көкөнітерден дәнді дақылдардан жасалған. Біздегі ұлттық тағам «Бешбармақ» сияқты емес. Ал ас мәзіріне қарасаңыз кез келген тамақтанатын жерінде вигитарианттық және вигитариант емес тағамдар деп екіге бөліп қойған. Сондай-ақ тек қана вигитариант тағамын жасайтын асханалар да көптеп кездеседі. Бұл түсінік яғни жануарларға зәбір көрсетпеу, өз ажалдары жеткенде барып жан тапсырсын деген қамқорлық еді. Тіпті Үндістанның заңында жануарларға зәбір көрсетуге болмайды деген заң бар екен. Осыдан барып олардың жануарға деген құрметі мен ілтипаты қандай екенін сезінуге болады. Климатқа байланысты жеміс-жидектер мен дәнді дақылдар сан-алуан түрлі. Еттің орынын солармен толтыруға болады.

Үндістанда әр-түрлі діндердің өкілдері тұрады. Мен тұрған қонақ үйдің иесі христиан. Бірақ ет жемейтін христиан екен. Үндістанда мұндайлар көп екен. Яғни ет жемейтін мұсылмандарда көп. Ет жеу не жемеу оның ұстанған дініне қатысы жоқ екен.

Қазақстанға келген қытайлық достарым: сендердің әр тағамдарыңда ет бар екен деп таң қалысады.  Және бұл жақтың еттері өздерінің еттерінен әлде қайда дәмді екенін айтады.

 

Климатқа байланысты ыстықтан көп суға түсіп, шомылғың келіп тұрады. Сондықтан да ыстық өңірдегі кісілер( әрине Африка болса басқа әңгіме) күніне кемінде екі не үш рет суға түседі (душ қабылдайды). Және олардың әжетханаларында қағаздың орнына дәрет алатын  құбыры тұрады.1385971442010_4 Қағазға қарағанда су – тазалықтың кепілі деп санайды. Қағаздың дәретханада тұрғаны ұят саналады. Олардың түсінігінде оң қол тамақ ішетін, ал сол қол дәрет алатын қызмет атқарады. Меніңше болғанда бұл жақсы әдет! Бұнымен ағаштар аз кесіліп, табиғатқа қосқан бір үлесіміз болар еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>