Армандар орындалады

Мен бала кезден Үндістанға саяхаттауды армандағанмын. Бәлкім, үнді фильмдерінің әсері мекен, сол қасиетті елге баруды қатты аңсайтынмын. Тіпті сол туралы қиял-ғажайып,  махаббат фильімінің сценариін ойластырдым.  Оны жанымдағы досыма айтып беріп, ол маған сценарий мамандығына түсуге кеңес берген еді. Ол он бірінші сынып кезі болатын. Содан бір күні бертінде фейсбуктан(facebook) бір кісінің жазған пікірін оқыдым. Онда Қазақстаннан Үндістанға би оқуымен кеткен Assel Adilbek деген қыз туралы мақтап жазған екен. Содан менде сұрақ кетті «әкау мынау  қандай қыз? Қандай жолмен Үндістанға кетті?». Асельдің өзіне жаздым  «Үндістанға қайдан тап болдың? Қалай түстің оқуға? Грант па? Жатақханасы қандай?»-  деген тағы да басқа сұрақтар қойдым. Әңгімелесе келе оның  әуелі Ақмарал Қайназарова ашқан Алматыдағы «Үнді классикалық би орталығына» барып жүріп үйренгенін  ұқтым. Содан әрі қарай жалғасты тереңдеткісі келіп, Үндістанның қазіргі астанасы, Жаңа Дели қаласына оқуға түсіпті. Ол маған Үндістанда классикалық билердің бірнеше түрі бар екенін айтты. Мысалға «бхаратанатиям»(bharatanatyam) bharatanatyam_dancer өзі оқып жүрген «катхак»(kathak)369f60753aef3d01e446f1156694dd8a биі сияқты. Ал біздің кинодан көріп жүргеніміз көрермен тарту мақсатында жай ойын үшін шығарылған «Ballywood»351373-bollywood-dance-movies билері екен. Асельге менің өзіне қызығатынымды, арманым  Үндістанға барып, қазіргі оқып жатқан(журналистика) оқуыма қарамай,  анау-мынау емес, өзім сүйетін би кәсібін оқығым келетінін айттым. Ол  фильмдердегі көрсетіліп жүрген «Ballywood»  биін үйрену оңай болғандықтан, оны арнайы оқудың керегі жоқтығын, оны Алматыда жүріп-ақ үйренуге болатынын жеткізді. Қалған классикалық билерді көріп, екі стилді де (бхаратнатиям мен катхак )түсінбедім. Не билеп жатқандарын түсіну қиын болды.  Ақыры,  би орталығына баруға бекіндім. Осылайша, маған биге деген орта кеңінен ашылды. Мен онда тек қана «Ballywood»  биімен танысып қоймай «kathak», «bharatanatyam», қазақ билерімен айналыстым. 260a7474 Ақырын-ақырын сахналарға шыға бастадым. 260a8199 Ішіндегі ең әсерлі де қызық сапар Үндістанға  барғандағы саяхат болды. Ол жерде менің  «аққу»  биім алғаш сахналанды.18057935_765177590322968_4555701783477459125_n

Үндістанға жай ғана саяхаттап барып қана қоймай, би билеу ,әсіресе, Қазақстан атынан дипломатиялық қарым қатынастардың орнатылғанына 25 жылдықтың құрметіне қазақ биін билеп барған, Қазақ елінің қандай ел екенін паш ету мен үшін зор мақтаныш болды.

Осылайша, Үндістанның оңтүстік Chennai қаласында бір концерт, солтүстік астанасы Жаңа Делиде (New Dheli) үш концерт қойып, өз міндетімізді тәмәмдадық. https://uploads.knightlab.com/storymapjs/b14b42a6b7b94470239eda56bd6e47f4/india/index.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>