«Жас кезінде асыл, қартайғанда масыл»

777

Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздегі қарттар үйі 67ге жетіп, онда 12мың адам тұрып жатыр екен. Олардың көп бөлігі ШҚО-да (11 қарттар үйі, 2380 орын) жұмыс істейтін көрінеді. Одан кейінгі орында Ақмола облысы (10 қарттар үйі, 1103 орын) және Қостанай облысы (9 қарттар үйі, 1129 орын) тұр екен.

«Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар», – деп ақиық ақын Мұқағали атамыз жырға қосқандай, бүгінде ардақты асыл қарттармыздың саны жыл өткен сайын азаюда. Көпшілік жастар бүгінде ата-аналарын қарттар үйіне тапсыруды жөн деп санайтын көрінеді. Мемлекет тарапынан қарттарға азды-көпті жағдай жасалып жатыр. Бірақ, қарттар үйі салынып ондағы қатарынан қалған кәрі жетімдер саны көбейіп бара жатқаны көңілге кірбің түсіреді. Сақалдары мен маңдайларына ақ түскен шақта, кейбір безбүйрек балалары көңілдеріне дақ түсіруде.

Балаларын өсіріп, енді бейнетінің зейнетін көремін бе деген шағында, балалары үйінің бұрышынан өз ата-аналары үшін бір кішкене орын таба алмай, жетелеп қарттар үйіне өткізеді де қояды. Артынан іздеп келуді ұмытып, туған ата-аналарынан теріс айналады. Ал, қарттар үйіне түскен кәрі әке мен шешесі терезеге телміре жолдарына қарап, сол балаларының тілеуін тілеп, еріксіз қала береді. Қаншама қарттар немере жүзін бір көрсем деп арманда өтіп жатыр..

Атам заманда біздің халықта жетім сөзі қолданылмаған. Олар әрқашан қарттарын қадірлеп өткен. Бүгінгі жастар санасында қоғам өзгерді дейтін пікірді ұстанып, уақытын ата-аналарына жағдай жасауға қимай, тек осы күнімен өмір сүретіндер саны басым. Қарттарын төріне шығарып, ардақтайтын кіші буын өкілдері азайды. Қарттар үйі жағдайларын жасайды деп өткізеді, бірақ қарттар үйінің бәрі оларға жарытып жағдай жасамайтыны, жасай алмайтындығы белгілі. Заман ешқашан өзгермейді, керісінше сол заманда өмір сүріп жатқан адам өзгеріп, заманды өзгертеді. Еткен халқымыздың кейбір салттарын ұмыттыға санасақта, атаңа не істесең, алдыңа сол келетінін ұмытпасақ екен.

Ақмарал Хаметжанова
Журналистика 2«А»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *