Қоршаған ортамызды қоқыстардан қалай қорғаймыз?

Қазазақстанда, оның ішінде халық көп жиналған Алматы қаласында жылдан-жылға қоқыстар көбейіп барады. Әсіресе «Сайран», «Алтын Орда», «Барахолка» дейтін адам көп жиналатын орталарда, далада қоқыстар ерекше көзге түседі. Оның ішінде жаз айларында ауыз суды (макси чай, липтон, асу т.б) тұтынатындықтан бос пластмас бөтелкелер көп жиналады. Бұл бөтелкелер көбінесе жол шетіндегі арықтарды бітеп, жаңбыр жауғанда одан су ақпай, тратуардың өзі кішігірім арыққа айналушы еді.  Әрине бұл жағдай су кешкен  қала тұрғындарына мәлім жәйт. Осындай бөтелкелерdepositphotos_6659993-stock-photo-crumpled-empty-plastic-bottle жер қойнауында 200 жылға дейін шірімейді екен. Полиэтилен қалталар 100 жылда,256af43185182bc29e7dd23c49caee3c сағыз 60 жылда, темекі қалдықтары12 жылда бірақ шіриді. Ал алюмин ыдыстар болса file1350388654500 жылға дейін жерде шірімей жата береді. Ойлап қарасаңыз күн сайын қаншама адам темекі қалдықтарын жерге лақтырады оны кейбір жерлерде тазаласа, кейбір жерде сол күйі жата бермек. Жердің құнарлығына да сонша зиян тигізіп жатырмыз. Әлемде жыл сайын полиэтилен қалталардың кесірінен, көп жануарлар аштан өледі. Мысалға олар қалтаны тамақпен бірге жұтып қояды, ол күн сайын асқазанда толып, ақыр аяғында асқазан оны қорыта алмай  аштықтан өледі. 001iyut9zy6oqhvlkzg126902016030118054332d6020170323111248545Бұның алдын алу шаралары барма? Әлемде бұның алдын алудың көптеген шаралары бар. Соның ең қарапайымы қоқыс жәшігін өңделетін, өңделмейтін және аралас деп бөлу. Кей жерлерде өңделетін немесе өңделмейтін деп екіге жіктеген.n2-19202012d_1 Бұл Қазақстанға әлі енбеген, бірақ енуді аса қатты қажет ететін нәрсе.recyclable-8oz-cup-sleevesБұл бәрімізге таныс белгі. Әрбір қайта өңдеуге болатын заттардың сыртында осы таңба қойылған. Қайта өңдеуге болатын заттарға:recyclable-garbage-consisting-of-glass-plastic-metal-and-paper-isolated-en6rx9Темір- терсек, қалбырлар, пластмассалар, әйнек құмыралар, қағаздар жатады. Бұның ішінде дәретхана қағаздары мен салфеткалардың су сіңімділігі жоғары болғандықтан өңделінбейді.1370186sal Көшелерде әрбір 100метрге, әрбір бекеттерге(аялдамаларға) дәл осындайtimg-1 қоқыс жәшігінен  екі-екіден қойса, бәлкім көшеде қоқыстар жатпаспа еді? Өйткені, менің байқауымда, қаланың көптеген ортасында қоқыс салатын жәшіктер тапшы. Тіпті, кейбір жерлерде топырақты қазып: «қоқысты осында салыңдар!»-деген ескертулерді жиі көреміз. Егер жаңағы шірімейтін қоқыстарды ескерсек бұл табиғатқа орасан зиян тигізер еді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>