Қанат Қожахмет

Қанат Қожахмет кім?

Жақында ғана Алматыдағы Сулеймен Демирел Университетінің ректоры ауысыпты деген ақпарат тарады. Бұған дейін Месут Акгюл мырзаға үйреніп қалған студенттер жалма-жан «жаңа ректор кім екен?» деп іздей бастады. Жаңа ректор аты-Қанат Қожахмет. Ары қарай ол туралы ештеңе таппадық. Біз осы мәселені қарастырып Қанат Қожахметтің кім екенімен таныстырмақпыз

Ол Өскемен өңірінің тумасы. Ең алғаш мектеп табалдырығын №43 – орта білім беру мекемесінде аттаған. Отбасындағы үш баланың үлкені. Қанат Қожахмет – қарапайым отбасыдан шыққан. Анасы – химик, әкесі – знергетика мамандығын Томск университетінде оқыған.
«Мен Өскеменде №43 қазақ орта мектебінде мектеп табалдырығын аттадым. 3 — 6 сыныпқа дейін Семейде гимназияда оқыдым. Сосын Семей қазақ-түрік лицейіне түстім. 10-сыныпта яғни 2002 жылы Астана қазақ-түрік лицейіне ауыстым. Себебі әкемнің жұмысы сол жаққа ауысуына байланысты болды»

Қанат Қожахмет

Қанат Қожахмет

«Өзім үшін ең бірінші этап қазақ – түрік лицейі қазіргі білім инновация лицейіне түсу болды. Сол оқу орнында 9-10 сыныптарда информатика пәнінен облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алдым. 2003 жылы Астана қазақ-түрік лицейін бітірдім. Сол жылы менің Астана қазақ-түрік лицейін бітірген достарым маған СДУ-ды таңдауыма кеңес берді. Солай, ІТ мамандығымен Сулеймен Демирелге барамын деп шешім қабылдап, осында грантқа түстім»

Қанат Қожахмет

Қанат Қожахмет

«Мамандық таңдауыма әсер еткен – информатика пәні деп ойлаймын. Менің информатика пәнінен әр түрлі деңгейдегі олимпиадағыларға баруым, болашақта ІТ маманы болуыма ықпал жасады. Ал информатикаға тоқталсақ, 1998 жылы әке-шешем компьютер сатып алып берді. Сол кезден бастап, мен компьютерді өте қатты жақсы көрдім. Информатикаға деген қызығушылықтың бәрі солай басталды»

СДУ ғимараты. Фото sdu.edu.kz сайтынан алынды.

СДУ ғимараты.

«Сосын 2003-2008 жылдары 5 жыл СДУ –да «компьютерлік жүйелер, ақпаратты өңдеу және басқару» деген мамандық бойынша білім алдым. Қазір ол мамандық «ақпараттық жүйелер» деп аталады»
Мен белсенді студенттердің қатарында болдым. Мерекелік кештер ұйымдастыру жағынан болсын, басқа жағынан болсын өте белсенді шәкірт едім. Студент кезімде 2004-2006 жылдары КВН-ға қатыстым. Сосын бір жыл студенттер президенті болдым. Шапағат клубының президенті болдым»

Университетті бітірген соң…
«Университетті бітірген соң, ҚБТУ-ға қазіргі ҚазҰТЗУ –ға бардым. Оған баруыма ықпал еткен біздің университетте ІТ саласын дамытуға үлес қосқан ағайлардың бірі әрі өзімнің бірінші эдвайзерім болған Фуад Гаджиев еді. Оны үлкен бір аға ретінде көремін. Біз онымен бірге ҚБТУ-ға бардық»

ҚБТУ ғимараты. Фото fit-kbtu.kz сайтынан алынды.

ҚБТУ ғимараты. Фото fit-kbtu.kz сайтынан алынды.

«2007-2016 дейін 9 жыл ҚБТУ-да оқыдым. 2008 жылы магистратураға, 2010 жылы докторонтураға түстім. Докторонтураны 4 жыл оқып, 2014 жылы бітірдім. Мен оқу оқып жүріп, 2011 жылы « Alldiscount» ІТ компаниясын аштым. Біз startup болдық. Алайда сәтсіздікке ұшырадық. Сонда да оны бір жақсы жағынан қарап өзіме бір тәжірибе ретінде көремін. Себебі, Америкада инвесторлар ақша салмай тұрып, алдымен қанша рет бір жоба бастап, сәтсіздікке ұшырағаныңа мән береді. Сондықтан сәтсіздіктер- ол тәжірибе деп ойлаймын. Одан кейін 2015 жылы Veteren soluthions ІТ компаниясын аштым. Бұларды мен мұғалімдік жұмысыммен бірге алып жүрдім. Егер сіз декан, ректор болмасаңыз, жеке жұмысты да қатар алып жүруіңізге де болады. Ал қазір осы қызметіме байланысты мен оны басқа адамдарға табыстадым»

Қанат Қожахмет

Қанат Қожахмет

Оқытушылық қызметі
«Студенттерге сабақ бердім. Сабақта студенттермен бірге әрқашан бір жобалар жасадық. Мен студенттер 2-3 курстан бастап, шын жобалармен жұмыс жасауы керек дегенді жөн санадым. Шын жобалар жасаса сонда ғана онда тәжірибе болады. Менің өзімнің оқытуышылық бағытындағы стратегиям сондай. Өзім Data science –пен әр түрлі халықаралық жобаларға қатыстым. Эксперттік жағынан сол пәннен СДУ-да сабақ беремін деген ойым бар. Ректор екінші жұмысы мұғалім болу деп санаймын. Магистратура мен баклавр бойынша сол сабақтан беремін. Сондай жоспарларым бар. Студенттер ректордың сабағына кіре алады. Ондай мүмкіншіліктер болады»

Қанат Қожахмет

Қанат Қожахмет

Ректор болуды армандаған жоқпын…
«Мен  «ректор боламын» деп армандаған жоқпын. Жоспарлар құрып, мақсат қоймадым. Алайда менің арманым болды. Әр адамның есімі оның тағдырына әсер етеді. Менің есімім –Қанат. Ал қанат басқа адамдарға бір қанат болу. Олардың мақсатына жетуіне көмектесу деген философия. Басқа адамдарды бақытты қылсаң, өзің бақытты боласың»

Қанат Қожахмет

Қанат Қожахмет

«Меніңше, бәлкім 10 жыл ішінде өзімде білім беру саласынан көремін. Және мұғалім болу ол тек қана 20-30 адамның тағдырына үлес қоса аласың. Ал ректор болсаң, 2000-3000 адамның тағдырына үлес қосу. Бұл жағынан ректор болу мен үшін өте үлкен бір мүмкіндік. Тіпті, өмірімнің үлкен бір миссиясы ретінде қараймын. Абай Құнанбаев айтады ғой: тетігін тапта бар қалан, сенде бір кірпіш дүниеге» Маған әсіресе сол, өмірдің қай жеріне кірсем деген арман болатын. Басқа адамдарға жақсылық істеп өз-өзіңді табу. Меніңше, мен өз-өзімді білім беру саласынан таптым. Себебі шынын айту керек, мұғалім болған кезде де «мүмкін ІТ компанияға барсам ба, мұғалімдікті тастап, өз жобаларыммен айналыссам» деген ойлар келді. Өз жобаммен де айналысып та көрдім. ІТ саласына, индустрияға да бардым. Бірақ өзімді ыңғайлы(комфортно) сезіне алмадым. Ал білім беру саласындағы осы қызметім, менің — өмірден өз орнымды тапқан жерім болды»

Мұғалім болмағанда
«Мен мұғалім болмасам, дизайнер болар едім деп ойлаймын. Себебі кішкентай кезімнен суретті жақсы саламын. Тіпті,1991 жылы бастауыш сыныптар арасындағы Республикалық конкурста сурет салудан 1-орын алған едім. Оны бір аса маңызды нәрсе ретінде қарамаймын. Бірақ қазіргі мамандығымнан бөлек, басқа қай саладан өзіңді көре аласың десе осы саланы айтар едім»

Қызығушылығы
«Өзіме ІТ partnership яғни ІТ кәсіпкерлік саласы қызық. Бәрімізге белгілі Марк Цукеберг одан басқа болсын, олардың бәрі жобаларын студент кезде бастаған. Оны бізге үлкен бір белгі ретінде көруге болады. Қандай белгі десек, студенттердің қазіргі уақытта ІТ технология саласынан мүмкіншіліктері жоғары деп қарастыруға болады. Университетті бітіру қазір үлкен бір жетістік емес. Университетті бітірмей-ақ ІТ мен шұғылданатын адам өзіне мансап жасай алады деген қазіргі уақытта тенденция бар. Бірақ сонымен қатар айта кетсек, универсиетте оқу, бітіру студент үшін ең маңызды нәрсе»

Алдағы жоспарлар
Алдағы жоспар қалайда студенттерге қызмет ету. Мен ойлаймын, (жолдауда) студенттерге мұғалімдерге табысты жаңа бір этап айтылған болатын. Жаңа өзгерістер енгіземін деген ойым бар. Бұйыртса, соған жетеміз. Мүмкіншілік болса, 100 пайыз, 24 сағат, 7 күн сол жолда қызмет жасаймыз деп сенемін!

Қанат Қожахмет

Қанат Қожахмет

Қанат Қожахмет ректор емес, студент болса, өзіне қандай кеңес берер еді…
«Сабақ оқу, білім алу. Ешнәрседен қорықпау. Мынаны ағасыз,көкесіз істей алмаймын, тамыр-танысым жоқ» деп алға қойған мақсатынан бас тартпасын деймін. Өз мамандығыңнан жақсы болып, сол саланың шебері болсаң, саған бүкіл есіктер өзі ашылады. 100%! Себебі бәрібір де жақсы жұмыстар бар, сол жұмыста тамыр-таныссыз –ақ істеу керек. Кейбір мамандықтарда таныссыз отыра алмайсың, алайда оның көмекшісі өзіне бір көмекші алады.Сол кезде кәсібилік маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде тек қана Қазақстанда жұмыс істеу маңызды емес. Бізге дүние ашылып жатыр. Facebook,Google- да жұмыс істеп жүрген көптеген қазақстандық студенттер бар. Ол үшін данышпан болудың қажеті жоқ. Ең бастысы адамгершілігі бар адам болып, сабақты жақсы қарайтын, қорықпайтын батыл, амбициясы жоғары студент бол деп мен өз-өзіме 10 жыл бұрынғы Қанатқа айтушы едім»

 

Суреттер : sdu.edu.kz сайтынан және Қанат Қожахметтің жеке парақшасынан алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>