Бексұлтан Нұржекеев: «Өмірде болған шынайы оқиғаларды ғана жазамын»

     Прозаға ынтасы ауған қауым ішінде «қазақтың Мопассаны»  атанған Бексұлтан Нұржекеев университетімізге қонаққа келді. Жиналған әдеби ортаны қызықты әңгімесіне еліте отырды.


 

Әйел затының табиғатын жан-жақты зерттеген жазушымен өткен кездесу, негізінен сұрақ-жауап түрінде болды. Шығармашылығына қатысты сұрақтармен қатар, туындыларындағы прототиптерге ат қою, өзіндік әдеби тұлғасын қалыптастырудағы амал-тәсілдерін де меңгеруге құмартқан жас қаламгерлер табылды.

DSC_0067

Отырыс барысында өзін еркін ұстаған Бексұлтан Нұржекеев әзілдер айтумен жиналған көпшіліктің оң ықыласына бөлене отырды.

Әйел психологиясына қалам арнаған майталман өз жазушылығының ерекшелігін «Өмірде болған шынайы оқиғаларды ғана жазамын»-деп айтып өтті. Сонымен қатар, «Әйел адамның жан-дүниесін әйелше түсінесіз, құрбысындай қабылдайсыз. Ал мұның сыры неде?» деген сұраққа Нұржекеев кеудедегі сыр сандықтың құлпын аша әңгімелесетінімен байланыстыра жауап қатты.

Филология ғылымдарының кандидаты Баян Керімбекованың арнайы шақыртуымен келген Бексұлтан Нұржекеев бірқатар қойын кітапшаларынын ұсынған студенттерге ізгі тілектері мен автографын қалдырды. Ал университет тарапынан қазақы қонақжайлылықты сақтай сыйлық тарту етілді.

DSC_0131

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *