hHM8aNlC2do

Not only оқытушы, but also музыкант

Аты: Ергебеков Молдияр
ЖОО:
Анкара Университеті (PhD)

Молдияр ағайдың кабинетіне кірген кезден бастап, ағайдың “минималист” екенін байқадым. Жан-жағында, үстелде артық нәрсе жоқ, тек кітаптар. Түрікше кітаптар…

- Әдеттегідей сұхбатымызды қарапайым сұрақтан бастағанымызды жөн көрдік. Молдияр ағай, қай жерде және қашан дүниеге келдіңіз?
- Мен Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауылында дүниеге келдім.
- Бала кезіңізде қандай бала болдыңыз?
— Балалық шағым жайлы ойласам, күлімсіреп есіме аламын. Бала кезімде өте қырсық бала болғаным есімде.
- Жасаған бұзақылықтарыңыз есіңізде ме?
- Бір рет анам мені бұрышқа тұрғызып, жазалады. Ал мен болсам, анамды “өзімше” жазалап, сол кездегі өте бағалы Жапон платогын қиып тастадым. Анам мені қайта жазалады, ал мен болсам қырсығып үйдегі пердені қайшымен қиып тастағаным бар. ( Күледі )
- Мектепте қалай оқыдыңыз?
— “3” жоқ. “4” пен “5”- ке оқыдым.
- “4”-ке оқыған сабақтарыңыз қиын берілді ме, әлде?
— Жоқ, ол сабақтарды орташа оқығаныма мұғалімдер кінәлі.
- Өзіңізге самоанализ жасайсыз ба?
— Иә, өз-өзіне самоанализ жасай білген ғана адамды шынымен білімді деп санаймын.
- Ал өзіңізге ұнамайтын қасиетіңіз бар ма?
— Өкінішке орай ондай қасиетім жоқ. ( Қалжындап ) Кез-келген нәрсе жайлы өз ойымды бірден айта салатын қасиетім бар. Артынан кейде өкінетінім болып тұрады.
- Сенбі – дэй офф екені белгілі. Демалыс күніңізді неге арнайсыз?
— Жұбайым екеуміз үй ішіндегі қызметтерді бөліп алғанбыз, ол тамақ жасап, ыдыс жуады. Мен үй тазалаймын.
- Университеттің басқа оқытушыларынан немен ерекшеленесіз?
— Ұзын шашыммен. ( Күледі )
- Өзіңізді сымбаттымын деп санайсыз ба?
— Жоқ, бірақ сымбатты деп санайтын дене мүшелерім бар. Мысалы, шашымның “качествосы” жақсы.
- Студенттердің көбі сізді шетелдік оқытушыға ұқсатады. Неге деп ойлайсыз?
— Түркияда 10 жылдан астам уақыт тұрдым. Сол кезде де маған түрікке ұқсайсың деп айтқан.
- Жақсы киінгенді ұнатасыз ба?
— Әрине. Тіпті Calvin Klein сынды брендтерді  қуалаған кездерім де болды. Алайда Америкада болған кезімде сол брендтердің қаншалықты арзан екенін көріп, ол қасиетімнен арылдым.
- Шаш жайлы айтатын болсақ, шашыңыз арнайы күтімді қажет ете ме?
— Жоқ.
- Журналистика кафедрасында сабақ бересіз, ал өзіңіз журналист-практик болып жұмыс істемейсіз. Неге?
— Менің ойымша, журналистиканың ғылыми жағын қалыптастыратын адамдар да керек.
- Музыкалық мектепті тәмамдағаныңызды білеміз. Тіпті Түркияға концертпен барған кездеріңіз де болған екен. Қазір концерт бересіз бе?
— Өкінішке орай, жоқ. Алайда, музыкамен қайта айналысу ойымда бар. Достарым бас қосқанда ән айтып тұрамын.
- Қандай жанрдағы әндерді көп айтасыз?
— Классикалық жанрдағы әндерді ұнатамын, эстрадалық әндерге жоқпын.
- Студенттерге дауыс көтересіз бе?
— Ашуыма тисе, дауыс көтеремін.
- Спортпен шұғылданасыз ба?
— Иә, аптасына 3 рет тренажер залына барып тұрамын.

                                                                                                                                                 Айдана КИНДИРОВА

  1. Жандаурен

    Өте керемет ҰСТАЗ)))!!!
    Шіркін, кейбір оқытушыларымыз осы кісідей сабақты жүргізсе ғой!!!….

  2. Ең бастысы мәдениеттің не екендігін үйрендік))) дәріс беру, емтихан алу тәсілі ұнады!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>