Асылхан Әбдірайымұлының шеберлік сыныбы

Фотожурналист, “Фотоөнер” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы СДУ журналистеріне бірқатар шеберлік сыныптарын өткізіп, фотографияның ең негізгі элементтерін  үйретті.


Екі бөлімнен тұрған кездесудің алғашқы күнінде дәрісін фотографияға қысқаша анықтама беріп, тарихына терең бойламай жалпы шолу жасаудан бастады. Алғашқы тарала бастаған дәуірінде фотоаппараттарды тек тілшілердің, лауазымды тұлғалардың жеке хатшылары қолынан немесе дәулетті отбасынан көруге болатын еді. Бүгінде әркімнің қалтасынан табылатын бұл тамаша құралдың жартылай кәсіби үлгісін қолдану ережелерін Асылхан ағай егжей-тегжейлі түсіндірді.

DSC_00151

Қарапайым суретке түсіру үшін бір ғана тетікті басудың жеткіліксіз екенін айта, жарықты, сезімталдықты қалай дұрыстау керектігін студенттерді жеке шақырып көрсетті. Тіпті, бір-бірін суретке  түсіртіп, қаншалықты меңгергендіктеріне көз жеткізіп отырды.

DSC_00161
Фокусты дәл анықтау, выдержка, диафрагма, экспозиция сияқты фотография элементтерінің әрқайсының өзіндік атқаратын функцияларын мысалдар келтіре түсіндіріп, олардың да дұрыс реттелу тәсілдерін айтты.

Фотоаппараттың құрылымдарына бөлек тоқталып өткен Асылхан ағай қазақ фотожурналистеріне де уақыт арнады.
Фотожурналистикада кеңінен қолданысқа енген фоторепортаж және фотоочерк сынды жанрлардың ерекшелігін, жасалу жолдарын атап көрсеткен. Фотоаппараттың түрлері талқыланып, артықшылықтары айтылды.

Жалпы, шеберлік сыныптардың алғашқысы теория жүзінде, сұрақ-жауап үлгісінде өткізілсе, екінші кездесуде іс жүзінде түсіндірумен қатар, тәжірибе алмасу бағытында болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *