Наурыз туралы деректер

Тақырыпқа көрнекі сурет. Интернеттен алынды.

Түркі халықтарында жаңа жыл жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында тойланады. Жер жүзі ерекше күйге еніп, көпшілік бірін-бірі “жаңа жылмен құттықтайды”. Наурыз мерекесіне қатысты бірнеше деректер де бар.

1. Әлемдегі ең көне мерекелердің бірі – Наурыз. “Наурыз” сөзі парсы тілінен аударғанда “Жаңа күн” деген мағынаға келеді.

2. Күн мен түннің теңелген уақытында қар немесе жаңбыр жауса, үлкендер оны құт-берекеге, жақсы ырымға балайды.

3. Наурыздың тағамы – “наурыз көже”. Жеті түрлі тағам қосылып дайындалады. Оның да өзіндік мағынасы бар. Десе де, әр үйдің наурыз көжесінің дайындалуында сыр бар.

4. Наурыз – діни мереке емес. Қыстан шыққан халықтың бір-біріне жылы тілектерін айтып, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

5. 2010 жылдан бастап БҰҰ Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеді.

Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

6. Наурыз мерекесі 1991 жылы 15 наурызда Қазақ ССР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген мәртебе берді.

7. Ал батыс өңірлерде Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталады. Амал деп аталады. Осы күннен халық “жаңа жыл келді”деп көрісіп, бірін-бірі құттықтайды.

Мереке күндері мекемелер, ұжымдар, ЖОО-лар, орталық алаңдарда “жыл басын” атап өтіп, түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Ал Сүлейман Демирель университетінде “Наурыз мерекесі” сәуір айында тойланады. Халықаралық Infomatrix жобалар сайысының үшінші күнінде аталып өтіледі. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шет елдерден келген қатысушылар мерекенің қонағы болады. Осы жерден өткен жылы тойланған мерекені көре аласыздар.

Деректер e-history.kz негізінде дайындалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *