Бір теңгелік жолақы

Елімізде 235 миллионнан астам або­нентке қызмет көрсете­тін Beeline компаниясы наурыздың алғашқы кү­нінен бастап «Алматы­дағы қоғамдық көлікте жолақы 1 теңге» акциясын бастаған еді.

informburo.kz сайтынан алынды

Алғашқы нәтиже

Алғашқы екі аптаның қорытындысы айтарлықтай нәтиже бе­ріп отыр. Аталмыш ком­панияның акциясын Алматыдағы қоғамдық кө­лікте 60 мыңнан астам адам пайдаланған. Жалпы алғанда, есепті кезеңде SMS арқылы 370 мың тө­лем жасалған.

«Акцияның алғашқы нәтижесі біз ойлағаннан асып түсті. Клиенттер мен SMS транзакциялар саны өсіп келеді. Жақында тәу­ліктік рекорд – 100 мың операция жасалды. Техни­калық тұрғыдан біз бұл сан­ды екі есе арттыруға дайын­быз», дейді Beeline-­Қазақ­станның трансформация және стратегия жөніндегі бас директоры Олег Алдошин.

Олег Алдошин. Бұл фото profit.kz сайтына тиесілі

Акция туралы

«Алматыдағы қоғам­дық көлікте жолақы 1 тең­ге» акциясы 1 наурызда басталған болатын. Бұл бастама үстіміздегі жыл­дың 31 мамырына дейін жалғасады. Қызметті Beeline-ның алдын-ала төлем жүйесіне қосылған клиенттер SMS-төлем ар­қылы пайдалана алады. Жол ақысын төлеу үшін автобустың немесе троллейбустың ішінде көрсетілген көлік кодын 2505 нөміріне жіберу ке­рек. Телефон теңгерімінен 80 теңге ұсталады да, оның 79 теңгесі бірден теңгерімге қайтарылады. Осылайша, жолақы құны 1 теңгені құрайды. Бұл қызметті қала тұрғын­дарының барлығы пайда­лана алады. SMS-төлем мен Beeline акциясы қаладағы бар­лық бағыттағы автобус­ тар мен троллейбустарда қолданылуда. Алайда акция Алматы қаласындағы жер үстінде жүретін қоғамдық көлік­те жүруге ғана жарайды. SMS-төлем үшін тең­герімде ең кемі 80 теңге болуы керек. Акция бойынша тәулігіне ең көбі 3 рет жүруге болады.

Бір теңгелік жолақы тек Алматы қаласында ғана жарамды, Астана және өзге де қалалар мен облыстарда жарамсыз.

Акция әсер ететін маршруттар

Автобустар:  2, 3, 4, 5, 5А, 5Б, 7, 13, 16, 17, 18, 20, 22, 23, 25, 29, 29Р, 30, 31, 32, 34, 37, 38, 38А, 45, 47, 48, 49, 50, 52, 54, 57, 59, 60, 62, 63, 63А, 65, 66, 67, 71, 72, 73, 74, 78, 79, 80, 81, 85, 92, 95, 99, 102, 104, 106, 107, 112, 118, 119, 120, 120А, 121, 123, 126, 128, 129, 135, 141 и 441.

Троллейбустар: 1, 5, 7, 9, 11, 12, 19 и 25.

Акция әсер етпейтін маршруттар

Автобустар:  1, 8, 12, 14, 15, 26, 28, 40, 44, 46, 56, 68, 69, 70, 77, 86, 98, 103, 115, 122, 124, 125, 127, 131, 137 и 201. Барлығы 26 маршрут.

Акция ұйымдастырушылары 

Орайы келіп тұрған­да, тұрғындарға жол­ ақыны төлеудің жаңа мәдениетін кіріктіруге белшеше кіріскен байланыс операторының штаб-пәтері Амстердам (Ни­дерланд) қаласында орналасқанын айта кетелік. «Veon» халық­аралық телекоммуни­кациялық холдингінің бір бөлігі болып табы­лады. Қазір «Veon» – абоненттер саны бойын­ша әлемде жетінші орын­ды иеленеді. 2017 жыл­ғы үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша, компания 235 миллион­нан астам абонентке қыз­мет көрсетеді. Тағы айта кететін жәйт, 2017 жылы қарашада компания Қазақстандағы Инновациялық компаниялардың жетекші ондығына кірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *