Біріккен Араб Әмірліктері қалай дамыды?(видео)

Біріккен Араб Әмірліктері − әлемдегі экономикасы бай елдердің бірі. Бұл мемлекеттің бүгінгі экономикалық өрлеуінің басты «құпиясы» бәріне қызық.

Ең негізі байлық− мұнай мен газ.

БАӘ әлемдегі мұнай қоры бойынша 7 орында, ал табиғи газдың қоры бойынша 17 орынды иеленеді. БАӘ қазіргі қарқынмен мұнай өндірсе, оның қоры 22 ғасырға дейін жетеді. Олар мұнайды сыртқы саясатты мықты құралына айналдыра білді.

ғаламтор желісінен алынған

Халық мүддесі басты назарда

Мемлекет өз азаматтарының әлеуметтік жағдайына баса назар аударуда. Елдің бір бөлігі бай, екінші бөлігі тақыр кедей болуы- бұл елде мүмкін емес жағдай. Мұнай байлығына олар бірден емес, біртіндеп ие болды. Алғашқы жылдары мұнайдан түскен пайданыың шамамен 15-20 пайызын алған. Сол алғашқы қаржы түскен кезде шейх Зайд сол ақшаның барлығын халыққа теңдей үлестіріп берді. Және ақшаны үлестіріп бере салмай, сол жерге көзі ашық қаржыгер, экономист мамандарды шақырды. Олар халыққа  алған ақшаларын бекер шашпай, қалай сауатты жұмсауды, көбейту жолдарын үйретті. Яғни, үлкен компаниялардың акциясын сатып алу, депозиттеріне салу деген дүниелерді үйретті.

Міне, ешқандай экономикалық сауаты жоқ шейх Зайд осындай ақылды қадамға барды. Осының арқасында бірнеше жылдың ішінде түйе бағып жүрген адамдар, үлкен бизнесмендерге айналды.

Экономиканы әртараптандырды.

БАӘ мұнай мен газға байланып қалған экономикалық «құлдықтан» құтылудың қарапайым жолын таба білген. Олар экономиканың басқа салаларына көңіл бөлген. 1970 жылдары тек елдің қазынасы 90 пайызы мұнай болса, қазір басқа да салалары дамыған. Тамаша табиғатымен мақтана алмайтын БАӘ туризмді дамытты. Шөлге су алып келіп, бақша орнатты. Өздерінің елін көкөніспен толық қамтамасыз ете алуда. Тоғыз жолдың торабында отырғандарын ұтымды пайдаланып, қаржы секторын дамыта алды. Су теңіз жолдарын пайдалана отыра, шетелмен сауданы қыздырды. Әрине, мұның бәрін іске асыру үшін қаражат керек. Олар шикізаттан түскен табысты, осы салаларға қорықпай, тәуекел етіп жұмсап отырды.

Байлықтың көзі- Жарлық : Шетелдік келіп өздігінен бизнес аша алмайды.

Бұл да бір мемлекеттің экономикасын, халық жағдайын жақсартудың жолы. Себебі мемлекеттегі бизнес өз азаматтарының қолында болғанын қалайды. Егер шетелдік жұмыс бастағысы келсе, араб азаматымен бірлесіп бизнесін ашуы қажет. Бизнестің 51 пайызы жергілікті араб азаматына, ал 49 пайызы шетелдікке тиесілі болуы керек. Яғни, шешуші дауыс өз азаматтарында. Басқаша жолмен бизнес ашуға тыйым салынған. Осы жарлық шетелдіктерді жергілікті азаматтарына тәуелді етіп қойған. Ол жергілікті азамат, тіпті, жұмыс істемеуі де мүмкін. Тек серіктес деген атауы болып, 51 пайыз үлесін алып отыруына да болады. Байлықтың ең негізгі көзі- осы Жарлық болды.

Тауарларға баж салығын алып тастады.

Олар елгі кіретін және шығатын тауарларға баж салығын алып тастады. Сондықтан, әлемдік ірі трансұлттық компаниялар елге өздерінің инвестицияларын көптеп сала бастады. Баж салығын алғанымен, оларға басқа салықтардан қазынаға ақша түсіп тұрады. Сонымен қатар, шетелдіктер филиалдарын ашып, өнімдерін шығарған соң, сол тауарда «Біріккен Араб Әмірліктері» деп жазылып тұрады. Бұл да болса БАӘ нің әлемдік аренадағы беделін өсірді.

              “Аңыз адам” журналынан алынған 

Авторы: Шәріп Құрақбай

Мультимедиаландырған: Наргиза Аршидин

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *