Golovkin vs Alvarez жекпе-жегі орын алмауы мүмкін!

youtube.com – сайтынан алынды

Невада штатының атлеттер комиссиясы (NSAC) мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің допинг ісі бойынша алғашқы шешімін шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz

Наурыз айының басында Альварестің 17 және 20 ақпанда тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол деген тыйым салынған заттың табылғаны хабарланған. Боксшының командасы мұны желінген еттің құрамында болды деп түсіндірген. Келесі үш допинг-сынақты мексикалық АҚШ-та тапсырып, онда тыйым салынған зат табылмаған.

givemesport.com – сайтынан алынды

Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайердің хабарына қарағанда, Альварес 10 сәуірге дейін уақытша шеттетілген, осы кезде оның мәселесі бойынша комиссия кездесуі өтеді. NSAC басшысы Боб Беннент бұл мәліметті BoxingScene басылымына растап отыр, мексикалық не телефон арқылы жауап береді, не отырысқа өзі келіп қатысады. 10 сәуірде NSAC Альварестің уақытша шеттетілуіне қатысты қорытынды шешім шығарады. Ал осы аптада ұйым оның промоутері Эрик Гомеспен және Головкиннің промоутері Том Леффлермен кездесті. Мұның алдында Головкин осы мәселе бойынша маңызды мәлімдеме жасаған еді.

Оның айтуынша, бірінші жекпе-жектің алдында Альварестің бұлшықеттерінде иненің іздері болған. Сонымен қатар ол Альварес пен Оскар Де Ла Хойяны өтірікшілер деп атады. Сондай-ақ бірінші жекпе-жекте тең түсті деп шешім шығарғандарды түрмеге қамау керегін айтқан. Осыдан кейін Альварес жаттығу кезінде түсірілген видеоны Instagram арқылы жариялады, ол видеоның астына балағат сөздер жазған. Екі хабарлама да Golden Boy промоутерлік компаниясының парақшасында қайталанды, ол компанияның президенті Эрик Гомес бұған дейін Головкинге сес көрсеткен болатын.

wrestlingua.com – сайтынан алынды

Еске сала кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин – Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *