АЛМАТЫДА ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ТІРКЕУ БАЗАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының маңызды бағыты – ветеринария саласы екені белгілі. Ал, 2017 жылдың тамыз айындағы үй жануарларын тіркеу туралы көтерілген мәселе биылғы жыл өз нәтижесін берді ме?

видео youtube желісінен алынған.

  Алматыда 2017 жылы «Жақсы қала» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 7 мың иттер мен мысықтар сатып алынған және 10 мың ит пен мысық­ты кастрациялау және зарарсыздандыру бойынша жұмыстар жүр­гізілген екен.

Сондай-ақ, республикада тұңғыш рет іс жүзінде Алматы қаласында жеке ветери­нариялық клиникалар жүзеге асырылып, шиттеу, кастрация және зарарсыздандыру рәсімдерінен өткен үй жануарларын тіркеу туралы электрондық деректер базасы әзірленді және енгізілді (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010602) .

 

сурет ғаламтор желісінен алынған

Болашақта оның техноло­гиялық жаңалығын онлайн-трансляция сияқты GPS, дауыстық маркер, QR-код, бейне тану, ветеринардың практи­калық жұмысына кіріктіру жоспарлануда. Мыса­лы, бүгінде Алматы қаласы аума­ғында мемлекеттік ветеринариялық-санита­риялық бақылау мен қадағалаудың 2500-дей нысаны бар. Оның 26-ы мемле­кеттік ветеринарлардың күнделікті мони­торингін жүзеге асыратын ішкі сауда объек­тілері (базарлар) болып табылады.

Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдыр­мау және мемлекеттік ветеринар­лардың қызметтік міндеттерін орындау үшін ішкі сауда нысандарында жұмыс істеу бары­сында оларды арнайы формамен, бейне­магнитофондармен және планшет­термен жабдықтау жоспарланып отыр.

 

                                                                                                 “ Алматы ақшамы”  газетінен алынған

                                                                                                  Авторы: Құттыбек АЙМАХАН 

Мультимедиаландырған: Ақнұр Қарабай

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *