Жалған ақпарат=ғаламдық проблема

Иллюстрация stoppress.co.nz сайтынан алынды

Күн сайын ақпарат кеңістігінде түрлі формадағы, түрлі контекстте толы ақпараттар толқыны ағылып жатыр. Ол видео, мәтін, сурет немесе графика болуы мүмкін. Сол ақпараттар өздігінен әр түрлі критерийлерді қамтиды. Контекстке баланысты тым ұзақ не тым қысқа, түсінікті не түсініксіз, жүйелі не жүйесіз, жалған немесе рас ақпарат т.б болуы мүмкін . Осы критерийлердің ішінде ерекшелеп қарастыратынымыз жалған ақпарат.

Ол не?

Жалған ақпарат (лат. desinformation)- нақты сипаттамадан ауытқыған, өзінің нақтылығын жоғалтқан ақпарат. Өз мақсатына жету үшін, қарсылас обьектіні жаңылдыру жолында пайданылады.

Зияны
Жалған ақпараттың қауіптілігін қарапайым адамдарға қарағанда медиасарапшылар жақсы ұғады . Жалған ақпараттың шығу себебі мен салдарын зерттей келе кімнің зардап шегуші, кімнің зардап тудырушы екендігін нақты болжауға болады.

Жалған ақпарат иллюзиялық ортаны қалыптастырады, қалыптасқан орта қайта иллюзиялық ортаны қалыптастырады. Солайша нақтылықтан ауытқып әлемдік дәрежедегі түрлі саяси проблемаларды тудырады. Нәтижесінде, зардап тек бір адамға не топқа емес бүкіл ғаламға тиеді.

Жалған ақпараттың алдын-алу

Әлемде жалған ақпаратқа қарсы күресетін ұйымдар мен түрлі институттар бар. Бірнеше мемлекетте жалған ақпарат таратушыларға заңдық жазалар мен айыппұлдар қарастырылған. Алайда, бұл жазалар арқылы жалған ақпараттардың деңгейін түсіре алды ма?

Тақырыпшаны “жалған ақпаратпен күрес” емес  “жалған ақпараттың алдын-алу” деп қоюымның себебі, салдармен емес себеппен күресу болып табылады. Осы секілді “ойлау жүйесі“ жалған ақпараттың шешімі бола алады.

Жалған ақпаратпен күресудің ең тиімді жолы, жалған ақпарат тарамайтын алаң қалыптастыру болмақ. Жалған ақпараттардың тарауына қалыптасқан қоғамдық-саяси жүйелер себеп деп білемін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *