Жалған ақпараттың салдары

Ақпараттың алпауыт күші

Ата-ана баласына жауапты, мұғалім сыныбындағы балаларға жауапты, әкім қарамағындағы ауыл-ауданына жауапты. Ал журналисттің әр сөзі бүкіл елге жауапты десек, артық емес. Журналистің дұрыс-бұрыс, обьекитвті-обьективсіз, дәлелмен-дәлелсіз жіберген ақпараттарын бүкіл ел оқып, санасына сіңіреді. Ахмет Байтұрсынұлы айтқанындай “Газет–халықтың тілі, көзі, һәм айнасы”. Ол уақытта халық ақпратты тек газеттен алатын болса, қазір халықтың тілі мен көзіне газет-журналдар, телеарналар, радио, әлеуметтік желілер айналды. Капиталистік ғаламда ақпараттың пиар, жылдамдық, жарысқа, сенсацияға еріп адамдардың өміріне әсер ететінін бәрі бірдей түсіне бермейді.  Қазір ақпараттық соғыс–әлемдегі соғыстардың ішіндегі ең қауіптілерінің  біріне айналды. Жалған ақпарат бір елді емес, мемлекет пен мемлекетті араздастырып қоюға дейін апартын алып күшке ие. Жалған ақпараттың көптігі соншалық, халық бәріне бірдей сенбей, сенімсіздікке ие болды.  Бүгінгі күні елімізде 2900-ден астам ақпарат таратушы басылымдар бар. Олардың әрбірі журналистік этикаға назар салып отыр деп айта алмаймыз.

Жалған ақпараттан жапа шеккендер

Сары қағазды басылым журналистерінің біліксіздігінен жұлдыздардың  жеке өміріне байланысты жалған ақпараттар таратылып, олардың өміріне моральді-материялды шығындар туғызды. Қазіргі күнде жалған ақпарттан аяқ алып жүру мүмкін емес. Жалған ақпаратты тек журналистер таратып қана қоймайды.  2014 жылы Атырауда біз азаматтың ішкі істер бөліміне хабарласып, жақын жердегі теміржол бекетінде “жарылғыш зат орнатылды” деген ақпарат таратқан. Соның салдарынан вокзал жұмыс істеуін біраз уақыт доғарып, адамдарды қиын жағдайға қалдырды. 2017 жылы Алматы қаласының метросындда да “жарылғыз зат” бар деген жалған ақпарат салдарынан ел дүрлігіп  еді. Рудныйда жарылғыш туралы жалған хабар таратқан азамат жазасын алды. Одан қала берді  елімізде болған шулы оқиғалар ішінен қызымен татуласамын деп теракт жайлы хабарлаған әке, жалған лаңкестік хабар жайлы сотталған мұғалім, терроризм жайлы ақпарат берген адам бәрі біздің есімізде.

 

 норпопр

 

Жалған ақпарат таратушыға қандай жаза бар?

Жақында ғана БАҚ туралы заңдарымыз біршама өзгерді. “Әділ сөз” қорының жетекшілер бұл заңның жеткілікті деңгейде емес екендігін, журналистерге қатысты біраз түзету енгізу қажет екендігін айтқан болаты. БАҚ туралы   заң  енді осы жылы қайта қаралып, өз нәтижесені бермек. Оның ішінде этика, басқа адам жайлы қандайда бір ақпарат тарату туралы көп мән берілмек. Қазіргі күні журналист алғашқы қателігі деңгейіне қарай  үшін ескерту алаьтын болса, қайталанған жағдайда 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

сурет “Сұрақ-жауап” сайтынан алынды

Жалған ақпараттың алдын алу үшін не істеу керек?

Әр журналист қоғамда белең алған осы мәселені өзінен бастау керек. Ақпаратты жазарда тек сенсацияның жетегіне ермей, өзінің алдындағы жауапкершілікті сезіне білуі өте маңызды. Балалардың психологиялық соққы алмауын,  халықтың күмәнді ақпаратқа сенуіне жол бермеуі қажет. Жалған ақпаратты журналистерден өзге таратушылар заң алдында жауап беретінін жете түсінсе екен. Қазір ақпараттар ағыны бұрынғыдай емес, анағұрлым ұлкен жылдамдыққа ие. Күн сайын ұялы телефонымызға мыңдаған ақпарат келіп түседі. Осы орайда әр адам өзіне жіберіген хабарламаның бәріне бірдей сеніп қана қоймай, жеткілікті дәлелдер бар ма, соны тексеруі қажет. Көпшіліктің ойын сан-саққа әкеліп соқтыратын жаңалықтардан абайлдауымыз қажет.

Басқа елде жалған ақпарат таратушыларға қандай шара қолданылады?

Жалған ақпарат таратқан журналистке Қытайда  7 жылға бас бостандығынан айырады. Ал оңтүстік Кореяда 2 жылға дейін сотталып кетуің мүмкін. Ал Канадада 2 жылға бас бостандығыңнан айырылып кетуің мүмкін.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *