Жалған ақпарат заманы

Жаңа технологиялар мен медиа дамыған заманда, ақпараттың алуандығы және тез тарауы таң қаларлықтай нәрсе емес. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы күнделікті миллиондаған хабарлар таратылады. Желі қолданушылары  күн сайын әр түрлі жаңалықтармен танысып, оның шынайылығына көз жеткізбей жатып, бөлісіп отырады. Бұл ақпараттардың басым көпшілігі тексерістен өтпеген, субьективті пікірмен жазылған және расталмаған болып келеді. Статистика мен сауалнамаларға жүгінсек, күнделікті әр адам бос уақытын әлеуметтік желілерге жұмсайды. Ғаламтор мен гаджеттардың ғасырында әр адам ақпарат тарату мүмкіндігіне ие.

Бұның салдарынан ғаламтор жалған ақпарат тарату платформасына айналды. Бұның қандай себептері бар?

  1. Желі қолданушылары өздерін жауапты сезінбейді
  2. Әлеуметтік желілерде бақылау жоқ
  3. Заңмен қатаң қадағаланбауы

Адамдар ақпараттың рас-өтірігін тексермейді және тарата отырып, өзінің іс-әрекетінің өте маңызды екенін түсінбейді.  Халық ақпараттың мазмұнында үгіттеу, шақыру, негатив және агрессия болса, оны қабылдауға және шындық деп санауға дайын тұрады.

Related image

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес, 2014 жылдың 6 мамырынан бастап, күшіне енген заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.  274 бапқа сәйкес, «жалған ақпаратты таратып, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызып немесе  азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің  құқықтарына нұқсан келтіргенгендерге» 10 жыл бас бостандығынан айыру немесе ірі мөлшерде айыппұл салу жазасы бар.

Еліміздегі ең жиі тарайтын жалған ақпарат терроризммен байланысты болып табылады.  Көптеген азаматтар заң сауатсыздығына байланысты, жасаған ісінің зардабын түсінбейді және бұған немқұрайлы қарап, терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратады. Осындай бір ақпараттың тарауынан көптеген шығындар пайда болады. Көрінеу жалған берілген ақпараттан  кейін жедел түрде қауіпсіздік шаралары қолға алынады және бұл материалдық шығындарға алып келеді.

Жалған ақпаратқа байланысты Қазақстан республикасының бас прокураторасы:  “тек тексерілген фактілерге сенуге және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты жарияламауды сұраймыз” –  деп мәлімдеме жасады. Халық бұл сөздерге құлақ асып, әр жазған ақпаратына жауапты болып, ғаламторды дұрыс қолдана білуі тиіс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *