Жалған ақпарат- жалған дүние

 

Stan.kz сайтынан алынды

Қазіргі мезгілде жалған ақпарат таратып, өз пайдасына шешіп жүрген пайдақорлар өте көп. Тіпті жалған ақпарат тарату қазіргі кезде шағын бизнеске айналып бара жатыр десек те болады. Бірақ өтіріктің де соңында бір шындығы шығары айдан анық. Интернет парақшасына кіріп қалсақ, шоу бизнесте жүргендерді жалған ақпаратқа көптеп пайдаланады. Шыны керек олардың өздері де қара пиар әзірлеу үшін өздерін де құрбан қылдырып жатқандарын да көріп жатамыз. Мысалға айтар болсақ, инстаграм желісіне көптеп шығатын жұлдыздар Ақботанұр Сейтмағанбет, Қайрат Нұртас, Жұлдыз Абдуракимова т.с.с әншілер қара пиардың патшалары мен патшайымдары. Ал осы жұлдыздар туралы жазылған немес айтылып жатқан жалған ақпараттар үйде отырған жас келіншектерге немесе елу, алпыс шамалас әйел адамдарға  маңызды. Тіпті қызығып оқып жатады.

Ал жалған ақпарат тарату кімге пайда, кімге зиян?

Шоу бизнес журналисттері әншілерді, акетрлерді тіпті спортшыларды аңдып, олардың үйінде не болып жатқаны туралы, денсаулығы, жеке өміріне қатысты мәселелерге қол сұғып кететіндері де аз емес . Оқысаң шындыққа да жанаспайды. Ал сондай шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар ол адамның репутациясына қатты әсерін тигізуі мүмкін. Егер де ақпараттың жалған екенін білген күннің өзінде де оны жоққа шығару оңай шаруа емес.  Оныің тек бір ғана амалы бар- сотқа шағым түсіру. Сот отырысын бір ай күтуі керек. Егер де ол жалған ақпаратты таратқан қарапайым адам болса сот алдында өзінің жеке құқығын қорғау оңайға түспейді.

Жалған ақпараттың пайдасына қарағанда зияны артып жетерлік. Тек қана шоу бизнеске тоқталмасақта болады. Күнделікті өмірде болып жатқан жағдай. Интернет бетіне немесе телефон қоңырауларына оқыс апат болатынын хабарлау. Бес минут ішінде сол кешеннің ішін босату деген шұғыл хабарламалар жіберіліп жатады. Қазір ондай хабарларға бірі сенсе, кейбір адамдар ешқандай эмоциясыз жүре береді. Міне осының өзі жалған ақпараттың біздің елімізде көп таратылатындығы.

Whats app желісі. Күнделікті өмірде осы желі арқылы аз дегенде бес смс хабарлама келіп тұрады. Оқитын болсам, қытайлар бананның ішіне у салып жіберіпті, суды көп ішуге болмайды екен, қарбыздар мен қауындар қытайдан ішіне адамды өлтіретін дәрі құйып жіберіпті. Міне, осы сарында маған күнделікті смс хабарламалар келіп тұрады. Осы жалған ақпараттарға сеніп отыратын және де сол ақпараттың шын екеніне сеніп менің айтқандарымды өтірікке шығарып отыратындардың бірі менің анам. Осындай ақпараттың жалған екенін біле тұра тарататындардың алдын алуымыз керек.

Елімізде жалған ақпарат тартқан адам 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейтіндігін немес 2-5 жыл көлемінде бас бостандығынан айырылатындығын еске салғым келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *