Жалған ақпарат тарату

Сурет www.ria.ru сайтына тиесілі.

Қазіргі кезде ақпарат тарататын БАҚ-тан өзге агенттіктер өте көп. Сонымен бірге қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету әлеуметтік желілердің де маңызды функциясына айналған. Көпшілігіміз күнделікті ақпаратты осы әлеуметтік желідегі ленталардан көріп жатамыз. Кейде қай ақпараттың рас, қайсысы жалған екендігін ажыратпастан бөлісіп, басқаларға да жиі таратамыз. Тұтынамыз, осылайша тексерілмеген ақпаратты басқа адамдарға тарату арқылы қоғамдағы дүрбелеңді туғызып, “жалған ақпараттың” өршуіне алып келеміз.

Әрбір ақпарат қабылдаушы адам келген жаңалыққа сенбестен бұрын, тексеру маңызды. Сүзгілеуден өтпеген ақпаратты таратуға асыққан субъект қоғамның үрейін туғызады немесе қисыны келмейтін нәрсеге сендіруге мәжбүрлейді. Осы орайда, ақпарат тарататын әрбір адам өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек.

 

Жалған ақпараттың өзіндік сипаты бар. Фактісі жоқ, онда көрсетілген адамдардың есімі, оқиғаның өрбуі, келтірілген мәліметтер бір-бірімен жанаспауы мүмкін. Жалған ақпарат кезіндегі суреттер бұрын-соңды болған жағдайлар кезінде таратылған болуы . Видеоматериалдар да кез келген оқиғада сенімді деп айта алмаймыз. Жалған ақпараттың басты сипаты- материалда автор көрсетілмейді.

Фото pexels.com сайтына тиесілі.

Жалған ақпараттар көбінесе төтенше жағдарларда, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру барысында, банк істерінде және сайлау кезінде қолданылып жатады. Қазіргі кезде расталмаған ақпаратпен әлемнің біраз елдері күресіп жатыр. Мәселен, Францияда осы жылдың соңына дейін “жалған ақпаратпен” күресетін заң дайындалады. Бұл заң бойынша саяси жарнамаға қойылатын қаржы мөлшері белгіленеді. Сонымен бірге әлеуметтік желілердегі материалдардың авторы кім, ақшасы төленгендігі туралы ақпараттар қолжетімді болады.

Көрнекі сурет today.kz сайтынан.

Жалған ақпараттың қауіпті екенін медиа мамандары мен азаматтар мойындайды. Қазақстанда да  жалған ақпарат таратқан әрбір адам қылмыстық жаза тартады. Расталмаған ақпарат тарату арқылы адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *