Жалған ақпарат тарату – заңға қарсы әрекет

XXI ғасыр – керек ақпаратқа, керек заттарға тез әрі оңай қол жеткізуге болатын заман. Осыған байланысты медианың да жаңа дәуірге өткенін байқауға болады. Бірақ дамудың жақсы жақтарымен қоса, жаман жақтарының болуы ешкімге жаңалық емес деп ойлаймын. Соның ішінде – жалған ақпарат тарату туралы сөз етітін боламыз.

Фото DataCube.TV сайтынан алынды

 

Алдымен жалған ақпарат не үшін таратылатынына тоқталсақ.

Біріншіден, елімізде ақпараттық порталдың саны жыл санап өсуде, сондықтан  ақпараттық сайттар  күніне кем дегенде 40-50-ге жуық ақпарат таратады, әрине оқырман санының артуы үшін олар әрдайым жаңалық іздеу үстінде. Сондықтан ақпарат тарату олар үшін оның шын-өтірік екендігінен маңыздырақ.

Екіншіден, жалған ақпарат тарату арқылы билікте отырған азаматтардың,  танымал жұлдыздардың, басқа да көптеген тұлғалардың ел алдындағы мәртебесін түсіру үшін жасалуы мүмкін.

Үшіншіден, қара пиар. Менің ойымша, қара пиар – жалған ақпарат таратуға тікелей байланысты процесс. Осы салада жұмыс істейтін арнайы мамандар да бар. Қысқаша айтсақ, жалған ақпарат тарату рейтинг үшін керек деген тоқтамға келсек болады.

 

Алайда, жалған ақпарат тарату – заңға қарсы екендігін, ол үшін кез келген адам жауапқа тартылатынын біле бермейтін бар.  Осыған байланысты ҚР БАҚ туралы заңнамасының 5-тарауында, оның ішінде 21-бабына сәйкес жалған ақпарат таратуға болмайтындығы жөнінде көрсетілген.  Сонымен қатар, қылмыстық кодекске сәйкес жалған ақпарат таратқаны үшін он жылға дейін бас бостандығынан айыру көрсетілген.   Десек те, жалған ақпарат тарамай қалған жоқ, әлі де тарап жатыр.  Осыған орай ақпараттың жалған не шындығын растайтын кәсіби журналистер тобынан құралған FactCheck ұйымының бар екендігін білгеніміз дұрыс болар.

 

Фото Kazgazeta.kz сайтына тиесілі

 

Қорытындылай келе, жалған мәлімет тарату – заңға қарсы әрекет екендігі айтылды. Бұл журналистер үшін ғана емес, Қазақстаннның кез келген азаматына қатысты нәрсе.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *