Жалған ақпараттың әлегі

Адамның әр байланысқаны, әрбір әрекеті, әрбір сөзі − ақпарат . Бүгінгі таңда әлемнің дамығаны соншалық, адамдар өзіне-өзі туындатқан ақпаратты қорыта алмай жатыр. Халыққа ақпарат таратуды міндеті ретінде есептейтін журналистердің өздері де бұл қателікті жіберуде.

Иә, бүгінде техника қарыштап дамып, ақпаратты тарату, оны оқу, бөлісу секілді мүмкіндіктерге иеміз. Алайда, ақпаратты таратуда жауапкершілікке  қаншалықты иеміз?!Картинки по запросу ложная информация

Әлемнің кез-келген елінің үлкен проблемасы− ақпарат  таратарда жауапкершілік жүгін арқалайтындығымызды түсінбеуінде деп ойлаймын. Соның нәтижесінде, “жалған ақпараттың” таралуының өршіп кетуіне алып келді. Дезинформация болып кеткен қысқа бір сөйлемнің өзі  “жалған ақпарат ” болып есептеледі. Және сол жалған ақпарат  үлкен залал келтіретіні хақ.

Жалған ақпараттың  зардабын үш жақты қарастыруға болады.

  • жалған ақпараттың субъектісі немесе объектісіне зардабы;
  • қоғамға зардабы;
  • ақпаратты  таратушыға зардабы;       

Ең алдымен, жалған ақпараттың басты субъектісі немесе объектісіне үлкен зардабын тигізеді. Бір тұлға туралы жалған ақпарат таратса, оның келешек өміріне балта шабумен тең.  Ол белгілі түрде қоғамның дискриминациясына ұшырауы мүмкін. Ал, ол белгілі бір объект болса оның алға дамуына кері әсерін етеді.

Екіншіден,  жалған ақпарат қоғамға да зардабын береді. Кез-келген жіберілген жалған ақпарат,  оқып немесе көріп отырған адамның бір пайызға болсын ойын өзгертіп жіберуі әбден мүмкін екендігін ескерген жөн. Сәйкесінше. ол адамның сол “жалған ақпаратқа” қарай отыра, дұрыс емес бір түйінге немесе шешімге келуі мүмкін.

Үшіншіден,” жалған ақпарат ” тарату соңына келгенде, ақпарат таратушының өзіне зиян. Оның жалған ақпарат таратуы салғырттығынан болуы мүмкін. Немесе әдейі, манипуляция үшін қолдан жасалғанда шығар.  Алайда, кез-келген өтіріктің арты бір-ақ тұтам. Сіз таратқан “жалған ақпаратты”, келесі бір дұрыстауы мүмкін. Сол кезде ақпарат таратушыға деген қоғам тарапынан сенімсіздік туындайды. Сонымен қатар, сол жалған ақпарат үшін заң алдында жауап береді.Картинки по запросу fake news

Қазіргі таңда, қалыпты жағдайға  айналып бара жатқан “жалған ақпарат” таратумен күресуді қолға алған жөн. Ол журналист болсын, кез-келген Бұқаралық ақпарат құралын пайданушы азамат болсын, әрбір тұлға баяндамас бұрын, ол ақпаратты тексеруі қажет. Нақты фактке сүйене отырып тарату қоғам үшінде , өзің үшінде керек екенін ұмытпаған дұрыс!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *