Жылдам тарайтын жалған ақпарат

Қоғамдағы  күнделікті болатын сан мыңдаған   оқиғаларға өз үлесін қосқысы келетіндер қаншама. Журналисттерді қарастырмағанда қоғам қайраткері, шоу-бизнес өкілі, ғалымдар мен білімгерлер.  Пікірлері әр-түрлі дегенмен оқиға бір. Кімдікі дұрыс?  Ал, кім бұрыс айтты?!    Тұтынушы көп, технология дамыған, ақпараттың ақ-қарасын ажырататын уақыт жоқ.

сурет ғаламтор желісінен алынған

       Жалған жаңалықтың шығу себебі қандай? Ең көп таратылымы қай кезеңде жүзеге асады? Зардап шегушілер кімдер?!

Ең танымал ақпарат құралдарының бірі казинформ сайтының өзі 15 сағат ішінде сайттың “билік” деп аталатын бөліміне 12 мақала жариялап үлгерген. Бұл сайттарда жиі жаңарып отыратындығын көрсетеді. Демек, сайт тілшілеріне жаңалық табуға талап мықты. Бұл қарапайым күндегі көрсеткіш, егер еліміздің бір аймағында болған төтенше жағдай кезінде  жылдам хабар тарату  қажеттілігі туындаса ақпарат қайдан келмек?!

Жалған ақпараттардың таратылуына ең негізгі себеп жылдам хабар тарату.  Атап айтсақ ,төтенше жағдай орын алғанда. Ресми сайттардан бастап әлеуметтік желі мен ютуб каналдарының белсенділігі артады. Оқырман санын арттыру үшін  жалған бейне жазбалар мен суреттер саны көбейеді. Бұл кезеңдерде ақпарат көздерін бақылауға алу мүмкіндігі де төмендейді.

Әлеуметтік желінің өміріміздің бір бөлшегіне айналғаны айдан анық. Бұл алаңды пікір алмасудың нағыз еркін алаңы  деп білетін қоғам үшін сын көзбен қарауды қажет еттін жалған ақпарттар да тым көп.  Мұнда деректерден бөлек жалған парақшалар саны жетіп артылады.

Жалпы ақпаратты тұтынушылар үш топқа бөлінеді: ақпаратты қабылдап тұтынушылар, екінші ақпаратты қабылдап пікір білдірушілер, үшінші ақпаратты мүлде тұтынбайтын топ болып.  Қоғамда қай топтың саны басым болса  ұсынылған ақпараттар сапасы соған сай болмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *