Фейк ақпарат тарату = 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу

ғаламтор желісінен алынған

XXI ғасыр – ғаламтор, әлеуметтік желілер заманы. Сөз бостандығы еркін формада болғандықтан, кім не айтса да өз еркі, дегенмен осы бір бекіту БАҚ қызметкерлеріне, былайша айтқанда журналисттерге, қаншалықты қатысы бар. Осы тұрғыда ең алдымен журналисттің, қарапайым комментатор халықтан айырмашылығын түсінген жөн.

 

Сен,  ЖУРНАЛИСТ – БАҚ өкілісің, ақпарат таратушы оны жеткізуші тұлғасың, сен ұсынған ақпарат, күнделікті қоғамға әсерін тигізеді, ол бір сөйлем болсада. Алуан түрлі пікірлер мен қоғамның санасының өзгеруіне кейде тікелей қатысың болады. Яғни барша адамзат алдында осындай міндет атқарып тұрып, қалайша жалған ақпаратқа жол бересің ?!

Ендігі кезекте:

Жалған ақпарат дегеніміз не?

Жалған ақпаратты қалай анықтауға болады?

Жалған ақпарат таратып жатқанда, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекісінің 129 (жала жабу) бабы есіңде болсын!

Сонымен, журналистке және қоғамға ауыр жүк артып, айтылған сөз – атылған оқпен тең тіркесінің мағынасын соңғы кездері толық түсіндіріп жатқан, ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ол не?! Жалған ақпарат – қарапайым сөзбен түсіндірсек, болмаған жағдайды/ оқиғаны болды деп, айтылмаған сөзді айтты деп, істемеген әрекетті істеді деп, қысқаша айтқанда , шындық сөзіне антоним болып келетін құбылыстар мен ақпараттардың таратылуы.  Жалған ақпараттар күнделікті өмірде, көбіне БАҚ арқылы таратылып жатады. Қызықты жайт ретінде, осы жылы Коллинз ағылшын сөздігінде “Фейк/Жалған жаңалықтар” тіркесі  жыл сөзі статусына ие болған. Яғни осы мәліметке қарап – 2017 жылы жарияланған, айтылған, берілген, шынайы сенген ақпараттарымыздың 50 пайызы жалған ақпарат болған.

Ұсынылған ақпаратты жалғандыққа тексеруде ең алдымен, сілтеме мен фактілеріне назар аударыңыз. Және осындай ақпараттарға көбіне “жаға ұстататын, шок – шок, сіз сенбейсіз, бірақ рас” ақпараттары жатады. Олар адамдармен манипуляция жасап, белгілі бір затты пропаганда жасауға, ең болмағанда хайп ұстауға, атақта болу мақсатында жалған ақпарат таратушы тарапынан жүзеге асырылады.

Жалған ақпарат таратып жатқанда, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекісінің 129 (жала жабу) бабы әрдайым есіңізде болсын. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтің мәлімдеуінше жалған ақпарат таратушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Жеке тұлғаға қатысты мәліметтердің рұқсатынсыз жары болуыда, айыппұлмен шектелмей, заңмен де қудаланады. Жалған ақпаратты қаламасаң, өзіңде жалған ақпарат таратпа!

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *