«Debate» клубы Тараздан олжалы оралды

20-22 ақпан аралығында Тараз қаласында TarSU CUP III турнирі өтті.  Аталмыш іс-шарада СДУ-дың «Debate» клубының мүшелері III жүлделі орынды иеленді.

«Еркін ойлар алаңы» атты ТарГУ командасының ұйымдастыруымен өткен жарыс «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналды. Үш күнге созылған турнирге  Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Семей қалаларынан еліміздің ең белсенді, сөзге жүйрік 60-қа жуық пікірсайысшылары қатысты. Оқу ордамыздың намысын қорғаған «Debate» клубы «Аргумент» командасының мүшелері Тұрақбай Қалдығали мен Бердімұрат Хасенұлы дүбірлі додада бақ сынасып, жүлдеге тігілген 30 мың теңгені қанжығаға байлап қайтты.

wSOfN6e4YoY

Айта кетерлік жайт, бұл – СДУ дебат клубының республикалық көлемдегі шараларда ең алғашқы жүлдесі. Университет үшін бұл үлкен жетістік. Алайда сайыскерлеріміз ұтқан жүлдесіне риза еместігін білдірді. Бердімұрат Хасенұлы (Құқық факультеті, 3 курс): « Негізі 1,2-орынға лайық көрсеттік деп есептеймін. Жартылай финалда әділетсіз ұтылып қалдық. Соңғы межеде аяқтан шалғандары дұрыс болмады. Дегенмен, «Халық айтса, қалып айтпайды». Көрермендер бізді қолдап, ұтылғанымызға таң қалды.»

«Debate» клубының болашаққа қосар үлесі мен ұмтылысы– ұрпақтар сабақтастығын үзбей, оқу орнымызда дебат жанрын дамыту. Университетімізді сырттай дамыту мақсатында сәуір айында мектеп оқушыларына арнап республикалық дебат турнирін өткізу жоспарланған. Университет тарапынан демеушілік көрсетілсе, бас жүлдеге СДУ гранты тағайындалмақ. Бұл университетімізде зерек, тілмар студенттердің көбеюіне бірден бір себеп болмақ.

Аида Арманқызы
І курс студенті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *