IMG-20150304-WA0018

«ҚАЙРАТ» футзал клубы СДУ-да

Наурыздың З күні университетіміздің тәрбие және қоғамдық істер департаментінің директоры Қазбек Қашқабаев мырзаның бастамасымен және «Sport» клубының ұйымдастыруымен «ҚАЙРАТ» футзал клубының ойыншылары оқу орнымызға қонаққа келді.

Футболшылар, алдымен, студенттерден, оқытушы-профессорлық құрам өкілдерінен жиналған қауыммен  пресс-конференция өткізді. Сұрақ-жауап барысында «ҚАЙРАТ» командасының бапкері Какау мырза жарасымды әзіл-қалжыңымен туған тілінде тіл қатып,  еркін форматта өтті.

IMG-20150304-WA0020

Студенттерге ризашылығын білдірген ойыншылар университетімізге команда футболкалары мен Еуропа чемпионы болған кездегі допты сыйға тартты. Ізін жалғай, футболшылар орталық кантиннің алдында өзіндік стильдері болып қалыптасқан кейбір қимылдарын жұртшылық назарына көрсетіп, Какау мырза қуанған сәтінде  билейтін әйгілі бразиялық бидің үзіндісін билеп берді.

IMG-20150304-WA0018

 

IMG-20150304-WA0019

Филология және қазақ тілі мен қазақ әдебиеті  кафедрасының меңгерушісі Ұлан Еркінбай мен инженер факультетінің оқытушысы Сәрсенгелді Мерей ағайларымыз да қысқа уақыттық ойын ойнауға ниет білдірді.

Сонымен қатар, футболға ынтасы ауған студенттерімізге қонақтарымыз қатысқан мастер-класс өткізілді.
Қоғаммен байланыс және карьера бөлімінің меңгерушісі Болат Жанайхан мырза : «Бір өкініштісі, университетіміздің жарнама бөлімі «Қайрат» командасының келетіндігі жайында ақпаратты кеш таратқан, біраз адамдар естімеген көрінеді. Егер жарнамалау ерте әрі көлемді түрде болған болса, қызығушы студенттеріміздің саны артар еді», — деп өз пікірін білдіріп өтті.

Бұл шараның мақсаты — еліміздің бетке ұстар футбол командаларының бірімен аспан түстес ғимаратты оқу ордамыз бен жастарды таныстыру. Осыған орай айта кетерлік жайт, пресс-коференция барысында, шетелдің ойыншылардың бірінен университет сәулеті жайлы сұрағанда, футболшыларға университет кампусының өзіндік әсем үйлесімділігі, адамдардың көрсетілген құрмет пен жылы шырайлары да ұнағанын айтып өткен.

Мөлдір Байбуринова
Ікурс студенті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>