SDUMEDIA туралы

SDUMEDIA туралы

СДУ Медиа журналистика мамандығы ашылған кезден бастап жұмыс жасап келеді. Құрамында радио, тв бөлімдері бар. Заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген және жеке дыбыс жазатын студиясы бар толыққанды медиа орталық. Жас журналистер дәрістерден алған теориялық білімдерін медиада тәжірибе жүзінде шыңдай алады. Осыған арнайы фотоаппаратпен қолдануды, радиостудияда дыбыс басуды, жасыл фонмен жұмыс істеуді және камераны қолдану біліктілігі мен монтаждау шеберлігін үйрететін оқытушылар құрамы жасақталған.

СДУ Медиа — болашақ журналистер үшін күнделікті кәсібиліктерін қайрай түсетін, тәжірибелерін арттыра алатын жаттығу алаңы болып табылады.